{metadescription}
Тұрғындар балаларды өлтіріп, қанын ішкен қылмыскерді ұрып өлтірген

Тұрғындар балаларды өлтіріп, қанын ішкен қылмыскерді ұрып өлтірген

Кенияда тұрғындар іздеуде жүрген қылмыскерді ұрып өлтірген.

Қылмыскер бұған дейін балаларды өлтіріп, қанын ішкені үшін тұтқындалған, бірақ қашып кеткен. 20 жастағы Мастен Ванжала 12 және 13 жасар екі баланың өлімінен кейін тұтқындалған. Тергеу барысында ол бес жыл көлемінде он шақты баланы өлтіргенін мойындаған. Ванжала өзін футбол жаттықтырушысы ретінде таныстырған. Өз құрбанына есірткі беріп, кейін өлтіріп отырған. Кейбірінің қанын ішкенін де айтқан. 

Қазанда Ванжала Найробидегі полиция бөлімінен қашып кеткен. Үш күн өткен соң Найробиден 400 шақырым жердегі туған қаласы Бунгома оны оқушылар байқап қалған. Мұны естіген тұрғындар жиналып, қылмыскерді ұрып өлтірген. Ванжала түрмеден қашқан соң Найробиде қылмыскерге қашуға көмектесті деген айыппен үш полицей тұтқындалған.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.