{metadescription}
Қазақстандық әйелін перзентханаға апару үшін мас күйде рөлге отырған. Ол түрмеге қамалды

Қазақстандық әйелін перзентханаға апару үшін мас күйде рөлге отырған. Ол түрмеге қамалды

Ақтөбеде жүкті әйелін перзентханаға апара жатқан мас жүргізуші ұсталды.

Ер адам бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Сот ақтөбелікті түрме жазасына кесті. 34 жастағы ақтөбелік бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін 2019 жылы жүргізуші куәлігінен айырылған. Осы жылдың қыркүйегінде ер адам қайтадан мас күйінде рөлге отырған және бұл жолы оның жүргізуші куәлігі де болмаған.

Айыпталушының сөзінше, ол әйелін Жаңақоныс ауылындағы перзентханаға жеткізуі керек болған ал жедел жәрдем келем дегенше көп уақыт өтіп кететін болғандықтан ол әйелін өзі жеткізуге шешім қабылдаған, деп жазады stan.kz. 

Алайда Есет батыр көшесінің бойында Škoda автокөлігінің тізгінінде отырған азаматты полицейлер тоқтатқан. Сот оны алты айға бас бостандығынан айырып сонымен бірге өмір бойына жүргізуші куәлігінен де қоса айырды. Полиция мас күйінде болу немесе наркотикалық заттарды қолдану жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.