{metadescription}
Ақтөбеде жасөспірім 20-қабаттан секіріп, көз жұмды

Ақтөбеде жасөспірім 20-қабаттан секіріп, көз жұмды

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады.

Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға кеше сағат 18.45-те Ақтөбе қаласында тіркелді. Сол кезде қала тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, 11-шағын ауданындағы № 112 «В» үйінің кіреберісінде кәмелет жасына толмаған қыздың жатқанын айтқан.

Полиция жасағы аталған үйдің кіреберісінен 2008 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатындағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен.

«Кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.