{metadescription}
Шахтинск қаласында 11 жастағы бала әкесінің көлігін айдап әкеткен

Шахтинск қаласында 11 жастағы бала әкесінің көлігін айдап әкеткен

Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен полицейлер оны тоқтатты.

Шахтинск қаласында әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім ұсталды. Әкесі полицияға арыз түсірген. Бірақ қылмыстық істі тоқтатуға тура келді. 16 қазанда қалалық полиция бөліміне 38 жастағы ер адам арызданып, белгісіз біреудің жеке меншік үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткенін хабарлады. Шығынның көлемі 800 мың теңгеге бағаланды.

Шахтинск қаласының криминалдық полиция басқармасының мамандары бірден шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Бірнеше сағаттың ішінде ұрланған көлік қала көшелерінің бірінде тоқтатылды. Рөлде отырған 11 жастағы бала көлік иесінің ұлы болып шықты. Ол әкесінің темір тұлпарын рұқсатсыз мініп кеткен. 

Ал көліктің ұрланғаны туралы хабар түскеннен кейін полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен. Бірақ оны тоқтатуға тура келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде