{metadescription}
Скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

Скутер мінген жігіт бағанға соғылып көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында скутер мінген екі жігіт электр бағанына соғылды.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қазанға қараған түні Тайынша ауданының орталығында болған. «PEDA» скутеріне мінген 19 жастағы жергілікті тұрғын рульге ие бола алмай қалып, электр тарату желісі бағанына соғылған. Салдарынан жігіт апат орнында мерт болды. Оның 21 жастағы жолаушысына дәрігерлердің көмегі қажет болды, кейін үйіне жіберілді.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. СҚО-да тоғыз ай ішінде 23 адам қаза тауып, 163 адам жарақаттанған 122 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.