{metadescription}
Орал әуежайының атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті

Орал әуежайының атауын өзгерту туралы ұсыныс түсті

Орал» халықаралық әуежайына Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру ұсынылды.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы міндетін атқарушы Света Ғаниеваның мәлім еткеніндей, Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихат депутаттарынан «Орал» халықаралық әуежайына Кеңес одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс түскен.

Бұл мәселе бүгін облыстық мәслихаттың 7-сессиясында қаралып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Тиісті шешім қабылданды.

«Енді ұсыныс ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болады», - деді  С.Ғаниева.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.