{metadescription}
Қар мен көктайғақ: Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қар мен көктайғақ: Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет ертең алты облыста ауа райы күрт құбылатынын мәлімдеді.

21 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Ертең күндіз Петропавлда жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

21 қазанда түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с жетеді.

Ертең түстен кейін Шымкентте қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

21 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетіп шаңды дауылға ұласады.

21 қазанда түстен кейін Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкн. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с жетеді.

21 қазан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.