{metadescription}
Атырау облысында жүк көлігінің жанармай багы жанып кетті

Атырау облысында жүк көлігінің жанармай багы жанып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, №2 Мақат аудандық өрт сөндіру бөліміне сағат 14:43-те жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілер «Доссор-Құлсары» тасжолының жиегінде «MАЗ» маркалы жүк көлігінің жанып жатқанын анықтады. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы «Ағатай-Газ» ЖШС-не тиесілі 2014 жылы шығарылған жүк көлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына бағыт алған. Көліктің жартылай тіркемесіне бос қазан тиелген. Жалынның салдарынан жүк көлігінің 8 дана дөңгелегі, 2 дана аккумуляторы мен жанармай багы өртеніп кетті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жүк көлігін шарпыған өрт сағат 15:11-де оқшауланып, 3 минуттан соң толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 қызметкер мен 1 арнаулы техника жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде