{metadescription}
Алматыда рұқсат етілмеген екі ірі қоқыс үйіндісі анықталды

Алматыда рұқсат етілмеген екі ірі қоқыс үйіндісі анықталды

Алматы полициясы өндірістік нысандар аумағында екі ірі қоқыс үйіндісін анықтады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше,экологиялық полиция қызметкерлері рейд барысында Жетісу ауданындағы ЖШС бірінің аумағынан құрылыс пен тұрмыстық қалдықтардың үлкен үйіндісін анықтады.

«Бұл факті бойынша, ұйымның директорына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (Абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша құқық бұзушылық туралы әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар, ЖШС басшылығынан анықталған бұзушылықтарды тез арада жою туралы кепілдік хат алынды», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асхат Дәулетяров.

Осындай заңсыз қоқыс үйіндісін тәртіп сақшылары Алматы қаласының Әуезов ауданы аумағынан да әшкереледі, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біздің бөлімше мен әкімдіктің экология бөлімінің қызметкерлері «Ақсай» ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативінде абаттандыру ережелерін бұзу фактісін анықтады. Оның төрағасы әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл мөлшері 30 АЕК», – деп атап өтті Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде