{metadescription}
Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

Риддерде 70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 73 жастағы зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған.

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласы тұрғынының есірткі сақтағаны туралы хабар келіп түсті. Жедел уәкілдер ақпаратты тексеруге кіріскен. Тінту жүргізу барысында 73 жастағы зейнеткерге тиесілі дүкеннен кептірілген көкнәр сабағы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткінің жалпы салмағы 30 грамнан асады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.