{metadescription}
Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігі соққыға жығылды

Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігі соққыға жығылды

Атырау станциясының полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.

Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты. 

"Ер адам қызметін орындау кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мүкір станциясында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған", - делінген хабарламада.

Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды.

Бұл бап бойынша ол 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 600 сағат түзеу жұмыстарын атқару немесе екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылады. Жанжалдың шығу себебі айтылмаған.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.