{metadescription}
Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Қаулыда бұған дейін денсаулық сақтау министрі мәлімдеген карантин шараларын жеңілдету қарастырылған.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда карантинді жеңілдету туралы жаңа қаулыға қол қойды. Ashyq жобасына қатысатын нысандар жұмыс және демалыс күндері мына режим бойынша жұмыс істейді:

  • "қызыл" және "қою қызыл" аймақтағы өңірлерде 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары 02.00-ге дейін;
  • "сары" аймақтағы өңірлерде 01.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 03.00-ге дейін;
  • "жасыл" аймақтағы өңірлерде 03.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 05.00-ге дейін.

Қазақстанда демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің статусы қауіпсіз "жасыл" (вакциналау, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспаған мерзімдегі коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тест болуы, коронавирусқа қарсы екпе алуға тұрақты шектеуі бар медициналық анықтаманың болуы немесе соңғы 3 айда коронавируспен ауырғандар) болған жағдайда нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сонымен қатар Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты немесе коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР-тестті (анықтама берілген күннен бері 3 тәуліктен аспаған жағдайда) ұсыну арқылы медициналық-әлеуметтік нысандардағы (қарттар үйі, мүгедектер үйі, балалар үйі және басқалар) науқастарға келуге рұқсат берілді.

"Жасыл" статусы бар қонақтардың келуін қадағалау арқылы түнгі клубтарға да жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжатты толық мына жерден оқи аласыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.