{metadescription}
Нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 52-ге жетті

Нөсер жауыннан қаза тапқандар саны 52-ге жетті

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаранчал штатында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан құрбан болғандардың саны 52-ден асты.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қираған ғимарат үйінділерінен тағы алты мәйіт табылған. Бесеуі хабар-ошарсыз кетті деп есептеледі, 17 адам түрлі жарақат алған. Өлім жағдайларының көпшілігі үйлердің қирауынан болған деп айтылған. Уттаранчал штатының Найнитал қаласында 28 адам қаза тапқан.

Утаранчал штатынан Химачал-Прадеш штатының Киннаур ауданындағы Чхиткул ауылына бет алған 11 адамдық трекинг тобы нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан ресми түрде жоғалып кеткендердің қатарына кірмеді. Үндістанның табиғат апаттарына қарсы ұлттық күштер Утаранчал штатының су басқан аймақтарындағы жүздеген адамдардың құтқарылғаны туралы хабарлады. 17 құтқару тобын Федералды күштер жіберді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.