{metadescription}
Павлодар облысында ер адамнан 114 келі балық тәркіленді

Павлодар облысында ер адамнан 114 келі балық тәркіленді

18 қазанда сағат 06:30-да Шарбақты ауданының 48 жастағы тұрғынының басқаруымен “Павлодар-Шарбақты” автожолында полиция қызметкерлері ВАЗ-2103 маркалы автокөлігін тоқтатты.

Көзбен шолып қарау кезінде автомашинаның жүк бөлігінде балық салынған қаптар табылды. Бұл ретте жүргізушіден балық тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары болған жоқ. Тәртіп сақшылары жүк бөлімінен полиция қызметкерлері мөңке балығы бар төрт қап алғанын, жалпы салмағы 114 келіні құрағанын атап өтті.

Жүргізуші балықты Май ауданы Көктөбе ауылында белгісіз ер адамнан сатып алғанын түсіндірді. Шарбақты ауданының 48 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігі-(Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал Павлодар аудандық сотына жіберілді. Айта кетейік, тәркіленген 114 келі балық “Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы” РММ-не тапсырылды, онда сот шешім қабылдағанға дейін мұздатқыш камераға орналастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.