{metadescription}
Басқа адамдар үшін санақтан өтуді талап етеді: Ұлттық бюро ақпаратты жоққа шығарды

Басқа адамдар үшін санақтан өтуді талап етеді: Ұлттық бюро ақпаратты жоққа шығарды

"Телеграм" мессенджері арқылы квазимемлекеттік сектордан келген аноним хабарлама тараған болатын.

Мұнда қызметкерлерді өзге адамдары санаққа тіркеуге мәжбүрлегені туралы жазылған. Хабарламада қызметкерлерге азаматтардың аты-жөні, ЖСН және жеке сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы мен өзге де мәліметтер жазылған құжат жіберетіні айтылған. Әр қызметкер 400 адамды онлайн санаққа тіркеуі қажет болған. 

Мессенджерде тараған ақпаратқа қатысты Ұлттық санақ бюросы пікір білдірді.

"Ресми түрде Ұлттық статистика бюросы тарапынан мұндай талаптың қойылмағанын мәлімдейміз. Бұл жағдайға байланысты осы тектес дерек тіркелсе, sanaq.gov.kz сайтында көрсетілген нөмірге хабарласуды сұраймыз", - деді Статистика бюросындағылар. 

Айта кетейік, бүгін онлайн санақтан өту мерзімі 30 қазанға дейін ұзартылған еді. Сауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында толтыра аласыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.