{metadescription}
Теміртауда әскери қызметші өзіне оқ атып көз жұмды

Теміртауда әскери қызметші өзіне оқ атып көз жұмды

Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінде 20 жастағы әскерге шақырылған жігіт оқ жарақатын алып, көз жұмды.

«Оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.