{metadescription}
Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан

Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Онда ұшақ пен көлік бүгін таңғы сағат жетіде соғылғаны айтылған. Көліктік полиция департаментіні мән-жайды анықтап жатыр. Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның бейнесі жарияланды. Видеодан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.

«Ұшақ Бакуден ұшып шығып, Алматы әуежайына 22 қазанда сағат 06:43-те қонды. Ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соғысып қалды. Әуе кемесі FlyJet.kz компаниясына тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі ("Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде