{metadescription}
Ер адам қызын өзінің рұқсатынсыз тұрмысқа шыққаны үшін өртеп жіберген

Ер адам қызын өзінің рұқсатынсыз тұрмысқа шыққаны үшін өртеп жіберген

Пәкістанда неке қиюға байланысты жантүршігерлік қылмыс болды. Манзур Хуссейн есімді ер адам екі қызы мен төрт бүлдіршін немересі отырған үйді өртеп жіберген.

CNN телеарнасы хабарлағандай, ер адам Фаузия есімді қызы өзінің еркінен тыс тұрмысқа шыққан. Қайғылы жағдай Пенджаб провинциясының Музаффаргарх округінде болды. Өрт кезінде үйде ер адамның қызы Фаузия мен оның 4 айлық ұлы, әпкесі Биби мен оның күйеуі және олардың 2, 6 және 13 жастағы үш баласы болды. 

Әкесінің еркінен тыс үйленген қызының күйеуі үй өртке орынған кезде жұмыста болған. Осы арқылы ол аман қалған. Қазір үйді өртеген Манзура Хусейнді полиция іздестіріп жатыр.

Пәкістанда халықтың көпшілігі қатаң патриархалды канондармен жүретін исламды ұстанады. Пәкістанның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы жыл сайын бұл елде жүздеген әйел ата-анасының еркінен тыс некеге тұрғаны үшін өлтіріледі.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

04 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.