{metadescription}
Елордада алаяқ әйел біреудің пәтерін бірнеше адамға жалға берген

Елордада алаяқ әйел біреудің пәтерін бірнеше адамға жалға берген

Әйел кінәсін мойындады, ол бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін істі болған.

Тергеу жүріп жатыр. Нұр-Сұлтан тұрғыны өзі жалдаған пәтерді тағы бірнеше адамға жалға беріп, олардың ақшасын иемденген. Полиция 32 жастағы алаяқ әйелді ізін суытпай ұстады. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, әйел арам ойын іске асыру үшін өзі қысқа мерзімге пәтер жалдаған. Содан соң сайтқа дәл сол пәтер ұзақ мерзімге жалға берілетіні туралы хабарландыру жариялаған.

Хабарландыру бойынша оған бірнеше адам телефон соққан. Әйел үйді бәріне кезекпен көрсеткен. Пәтерді жалға алуға келіскен адамдардан картаға алдын ала төлем аударып, үйге келесі күні көшуді сұраған. Алайда жәбірленушілер пәтерге кіргенде, алаяққа алданып қалғанын түсінді.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 32 жастағы тұрғынды ізін суытпай ұстады. Қазір полицияға алаяққа алданған төрт азамат арызданды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 300 мың теңгені құрап отыр.

Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған әйел кінәсін мойындады, ол бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін істі болған. Нұр-Сұлтан полициясы азаматтарға тауарлар мен қызметтерге ақша төлерде мұқият болуға, күмәнді мәмілелерден бас тартуға кеңес берді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде