{metadescription}
Коронавирус салдарынан 20 шақты мектеп жабылды

Коронавирус салдарынан 20 шақты мектеп жабылды

Әзербайжанда дәстүрлі оқу басталғалы бері жалпы білім беретін 4432 оқу орнының 19-ы қашықтан оқуға көшті.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 433 сынып онлайн оқып жатыр, ал бұған дейін қашықтан білім беруге өткен 72 сынып дәстүрлі оқуын қайта жалғастырды.

«Қазіргі уақытқа дейін 1 595 108 оқушының 3 477-і және 229 871 мұғалім мен мектептің техникалық қызметкерінің 2 494-і (1%) COVID-19 жұқтырып алды», - делінген хабарламада.

Әзербайжанның білім министрлігі осы жағдайға байланысты ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына екпе салдыртуға шақырды. Министрлік жасөспірімдерді вакциналау Баку сауықтыру орталығында ата-аналардың рұқсатымен ғана жүргізіліп жатқанын еске салды.

Еске салайық, Әзербайжанда 22 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптарға, 29 қыркүйектен бастап 5-11 сыныптарға дәстүрлі оқу басталды. Білім мекемелерінде жұмыс істейтіндердің 80%-дан астамы COVID-19-ға қарсы толық вакцина алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде