{metadescription}
Қарағанды облысында педофил 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысында педофил 23 жылға бас бостандығынан айырылды

Қаражал қаласының 55 жастағы тұрғыны 23 жылға бас бостандығынан айырылды, ол бес жасар баланы ұрлап, оны зорлауға тырысқаны үшін кінәлі деп танылды.

«Жас баланы ұрлау және зорлау әрекеті қоғамдық резонанс тудырды. Бұл Қаражал қаласында болды. Зорлаушы 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс көрсеткіші 6,3% - ға төмендегені байқалады. Ювеналды полиция қиын жасөспірімдермен және тұрмысы нашар отбасылармен жүйелі жұмыс жүргізуде», - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин халыққа онлайн есеп беру кездесуінде.

Еске сала кетейік, резонанс тудырған жас қызды ұрлау осы жылдың сәуір айында Қаражал қаласында болған еді. Қыздың ата-анасы полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бала 55 жастағы ер адаммен бірге қараусыз қлған үйден табылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде