Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылорда - Жезқазған жолы маңында белгісіз адамның мәйіті табылды
Тергеу органы ол 1,5 ай бұрын жоғалған қызылордалық азаматтың мәйіті болуы мүмкін деген болжам жасады.
12:02 23.10.2021
Қызылорда облысында белгісіз адамның мәйіті табылды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ол 1,5 ай бұрын жоғалған С.Бегімбайдың мәйіті болуы мүмкін.
С.Бегімбай 12 қыркүйек күні өзінің жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
С.Бегімбайды табу үшін кешенді жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топ, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары және туған-туысқандары, жолдастары, еріктілер жұмылдырылған болатын, деп жазады sputnik.
Оны іздестіру барысында арнайы техника мен тікұшақ қолданылған. Іздеу шараларының нәтижесінде 19 қазанда "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған.
Ал 22 қазан сағат 13:25 шамасында "Қызылорда-Жезқазған" тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды.
"Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел тергеу тобы және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Сот-сараптамасы мәйіттің кім екенін анықтайды", – деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
Сб
Жс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
Серіктестер жаңалықтары