{metadescription}
Елордада әйел баласымен 12-қабаттан секірмек болды

Елордада әйел баласымен 12-қабаттан секірмек болды

21 жастағы келіншек бұл қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған.

Оның қолындағы бала бір жарым жаста болып шықты. Елордада әйел баласымен бірге 12-қабаттан секірмекші болды. 22 қазанда кешкі сағат 17.30 шамасында полиция капитаны Кубрин көшесіндегі үйдің 12-қабаттағы балконында баласымен бірге секіруге оқталып тұрған әйелді байқап қалды. Әйел балконның жақтауында отырған.

Полиция капитаны Қайрат Нариманов дереу 12-қабатқа көтерілді. Үйге кіріп, балкон жақтауында отырған әйелді құтқарып үлгерді. 21 жастағы келіншек бұл қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған. Оның қолындағы бала бір жарым жаста болып шықты. 

"Бұл күні тәуліктік кезекшіліктен кейін демалыста болатынмын. Балаларымды алып балабақшадан келе жатқанда балконда отырған әйелді байқап қалдым. Дереу пәтерге қарай жүгірдім. Абырой болғанда оны құтқарып үлгердім", - дейді полиция капитаны. 

Әйелін осындай жағдайға жеткізген ер адамға жарын бақылауға алу нұсқаулығы берілді. Ал әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде