{metadescription}
Енесіне күн көрсетпеген: Қызылорда облысы тұрғынының үстінен арыз түсті

Енесіне күн көрсетпеген: Қызылорда облысы тұрғынының үстінен арыз түсті

Қарт әйел заң аясында 30 тәулікке қорғауға алынды.

Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысында егде жастағы әйел өзінің келінінен зорлық көріп келген. Оқиға Шиелі ауданында болды. 44 жастағы келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққан.

Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматшадан хабарлама келіп түскен. Егде жастағы әйел келінінің өзіне қол көтеретініне шағымданған, деп жазады sputnik.

"Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды", - дейді полициядағылар.

Қарт әйел заң аясында 30 тәулікке қорғауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде