{metadescription}
Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

Террористер басып алды: Өскемен тұрғыны полицияға жалған хабар берген

Өскемен қаласында полицияға жалған хабар берген ер адам жауапқа тартылды.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына жергілікті тұрғын қоңырау шалған. Өз сөзінде ол шаһардағы ғимараттардың бірін террористер басып алғанын жеткізді.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен. Алайда бұл хабар шындыққа жанаспайтын болып шықты. Полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамды бірден анықтаған. Ол Өскеменнің 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ер адам мас болғандықтан және өзіне назар аудару үшін қоңырау шалғанын айтты. Оған қатысты арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде