{metadescription}
Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді

Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді

Ақтөбе облысы 17-қазаннан бері «жасыл» аймақта. Бүгін карантин шектеуі жеңілдеді.

Ақтөбеде «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 05.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат етілді. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, садақаға 50 адамнан, ал мейрамханада той жасағанда адам саны 70-тен аспауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.