{metadescription}
WhatsApp-тан жазған: түркістандық қыз 20 адамды алдап кетті

WhatsApp-тан жазған: түркістандық қыз 20 адамды алдап кетті

Тергеу барысында қыздың тағы 19 адамды алдағаны анықталды.

Олардың әрбірінен 50 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша алған. Түркістан облысында тұрғындарды алдап, сегіз миллион теңгені заңсыз иемденген алаяқ қыз ұсталды. Шардара ауданының тұрғыны Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесіне арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оған WhatsApp-тан жазып, құмар ойынынан көп ақша уәде еткен.Әйел алаяқтың сөзіне сеніп, оған бір миллион теңге аударған. Бұл ақша бірнеше есеге көбейіп, өзіме қайтады деп ойлаған. Бірақ кейін жәбірленуші алданып қалғанын түсінген.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары бірден жедел іздеу шараларына кірісті. Банктің мобильді қосымшасы арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Алаяқ полиция бөліміне жеткізілді.

Тергеу барысында қыздың тағы 19 адамды алдағаны анықталды. Олардың әрбірінен 50 мыңнан 800 мың теңгеге дейін ақша алған. Осылайша жәбірленушілерге сегіз миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.