{metadescription}
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам көз жұмды

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 23 қазан күні Қазақстан аумағында 20 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 5 науқас.

Қарағанды облысында - 3, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында - 2, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Тек Түркістан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде