{metadescription}
Атырауда жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды

Атырауда жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды

Атырауда колледж студенттері сабақтан шыға сала, шаштарын жұлып, төбелесті.

Төбелес Атырау қаласында орналасқан Құқық және бизнес колледжінің маңайында болған. Сабақтан шыққан осы колледждің қыздары бір-бірлерімен төбелесіп, шаштарын жұлып, тепкінің астына алған. Жасөспірімдердің не үшін төбелескені белгісіз.

“Төбелескен жасөспірімдер анықталып, ата-аналарына хаттама толтырылды. Іс Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот істің әлі келіп түспегенін мәлімдеді. Сол себепті әзірге соттың тентек қыздардың ата-аналарына қандай жаза қолданатындығы белгісіз.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.