{metadescription}
Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

Ақмола облысының «Степногор-Заводской» тасжолында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 24-де күндізгі сағат 12:20 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Степногор-Заводской» автожолының 6 шпқырымында жол апаты болғаны хабарланған. Анықталғандай, Заводской кенті бағытында жүріп келе жатқан «Hyndai Acent» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған.

«Салдарынан Степногор қаласының қалалық ауруханасына 36 жастағы жолаушы жеткізілді, ол сағат 21:10-да жансақтау бөлімінде көз жұмды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес «Hyndai Acent» автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Тиісті сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1 баптың 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.