{metadescription}
Түркиядағы орманды өртеді деген күдікпен ресейлік жеті азамат ұсталды

Түркиядағы орманды өртеді деген күдікпен ресейлік жеті азамат ұсталды

Түркияның Анталия қаласында орманды өртеді деген күдікпен ресейлік жеті турист ұсталды.

Бұл ақпаратты агенттікке Ресей Федерациясының Бас консулдығы растаған.

"Бас консулдық 23 қазанда Түркияның құқық қорғау органдары Анталия маңында "Ликия соқпағының" бойымен жаяу жүрген ресейлік туристер тобын ұстау фактісін растайды. Жергілікті жандарм кеңсесінен алынған ақпаратқа сәйкес, Чагларджа аймағындағы орманды өртеді деген күдікпен Ресейдің жеті азаматы ұсталған. Елдегі заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдары аудармашыны алдырып, іс бойынша күдіктілер мен куәгерлердің айғақтарына хаттама жасады", - дейді Ресей дипломатиялық миссиясының өкілі.

Оның сөзінше, сол күні бас консулдық қызметкері жандарм бекетіне барып, Ресей азаматтарының қолға түсу себебін анықтаған.

"Ол ұсталғандармен жолығып, оларға тағылған айыптың мәнін және алдағы сот процесінің құқықтық аспектілерін түсіндірді. 24 қазанда сот отырысы болып өтті, оның барысында заң нормаларына сәйкес мемлекеттік адвокаттар ресейліктерге ақысыз көмек берген және білікті аударма жұмыстарын жасаған. Адвокаттардың өтінішіне қарамастан, сот ресейлік туристерді оқиғаның мән-жайларын сотқа дейінгі тергеу кезеңі аяқталғанша орманды байқаусызда өртеуде күдікті ретінде ұстау туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті дипломат.

Ол сонымен қатар Бас консулдық жергілікті билікке ресейлік азаматтардың қамауға алынғаны туралы ресми ақпарат беруді және ұсталғандарға консулдық қолжетімділікті қамтамасыз етуді талап ететін сауал жолдағанын айтып өтті.

"Біз мәселені толық назарда ұстаймыз және тергеу мен сот қызметі кезінде процессуалдық нормалардың сақталуын бақылауды жалғастырамыз", - деп түйіндеді ол.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.