{metadescription}
ҚР ІІМ Павлодар облысында итті өртеу оқиғасына қатысты түсінік берді

ҚР ІІМ Павлодар облысында итті өртеу оқиғасына қатысты түсінік берді

ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желі арқылы тараған итті тірідей өртеп жіберу оқиғасына қатысты ресми түсінік берді.

«Биыл 18 шілде күні «Жалобы Павлодар» Instagram парақшасында белгісіз біреудің итті өртегені туралы видео тарады. 19 шілде күні Қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Видеоматериал ұзақтығы бойынша қысқа болуына және нақты бір елді мекеннің айтылмауына байланысты қазіргі уақытта оқиға болған жер анықталу үстінде.

Алдын ала іздеу нәтижесі бойынша оқиға Павлодар облысында болмағаны анықталды», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Instagram парақшасында белгісіз біреудің итті өртегені туралы видеожазба тарады. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, тәртіп сақшылары оқиғаның Павлодар облысында болғанын болжаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.