{metadescription}
Ақмолалық телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған

Ақмолалық телефон тауып алып, есепшотынан ақша шешіп алған

21 қазанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 55 жастағы тұрғынының 18 қазанда белгісіз тұлға ұялы телефон қосымшасы арқылы 39,5 мың теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті.

Өтініш беруші ағымдағы жылдың қазан айының ортасында банктің қосымшасы орнатылған ұялы телефонын жоғалтқанын айтты. Әйел картадан ақша алғысы келгенде, онда ақша жоқ екенін білді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол өз ісін мойындаған 26 жастағы бұрын сотталмаған қала тұрғыны болып шықты. Ол жәбірленушінің телефонын үйіне бара жатқан таксиде тауып алған. Осы сәтті пайдаланып, қаскүнем өзінің дос қызының шотына қосымша арқылы ақша аударды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.