{metadescription}
Елордада автобус өртенді

Елордада автобус өртенді

№28 автобустың қозғалтқышы орналасқан жерінен өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтты. Елордада автобус отқа оранды. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. "Целинный" аялдамасында автобус өртенгені хабарланды. Төтенше жағдайлар департаменті болған оқиға туралы сағат 18:44-те хабар түскенін айтты.

"Байқоңыр" ауданы Кравцов көшесі, 9А мекенжайында аялдаманың жанында маршруттық автобус өртенді. Оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімінің жеті қызметкері мен бір техника жетті. №28 автобустың қозғалтқышы маңынан өрт шыққаны анықталған. Өрт сөндіру бөлімше қызметкерлері келгенге дейін сөндірілді. Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.