{metadescription}
Төбесіне металл конструкция құлаған астаналық әйел ауыр халде жатыр

Төбесіне металл конструкция құлаған астаналық әйел ауыр халде жатыр

Елордада дәрігерлер төбесіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты.

«Қазіргі уақытта науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады. Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалының басталғанын хабарлады.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.