{metadescription}
Цой коронавирус бойынша жаңа болжамды жариялады

Цой коронавирус бойынша жаңа болжамды жариялады

Оптимистік сценарий орын алса, қарашада тәулігіне – 1500, желтоқсанда – 1100, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі.

Денсаулық сақтау министрлігі алдағы үш айға эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, пессимистік сценарий кезінде қараша айында тәулігіне орташа есеппен коронавирус жұқтырған 1800 адам, желтоқсанда – 2350, ал қаңтарда 3000 адам тіркеледі.

Реалистік сценарий кезінде қарашада тәулігіне – 1650, желтоқсанда 1600, қаңтарда 1500 адам індетке шалдығады деген болжам бар. Оптимистік сценарий орын алса, қарашада тәулігіне – 1500, желтоқсанда – 1100, қаңтарда 650 жағдай тіркеледі.

"Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуде", - деді Цой үкімет отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бірнеше айдан бері "қызыл" аймақта тұрған Алматы қаласы "сары" аймаққа, Алматы облысы бірден "жасыл" аймаққа өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.