{metadescription}
Асқар Мамин жұмыссыздықпен күрес туралы тапсырмалар берді

Асқар Мамин жұмыссыздықпен күрес туралы тапсырмалар берді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі жұмыссыздықпен күреске қатысты бірқатар тапсырма берді.

«Бірінші, Еңбек министрлігі салалық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, экономиканың сапалы және орнықты өсуі үшін кадр қажеттілігін анықтау мәселесін қарасын. Екінші, цифрландыру - жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа формаларының пайда болуына әкеліп отыр. Жұмыспен қамтудың жаңа формаларын реттеу және экономикалық белсенділікке тарту механизімін әзірлеуді жеделдету қажет», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Үшіншіден, Үкімет басшысы біліктілікті реттеуді – еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жүйелі қадам деп бағалады, деп жазады ҚазАқпарат. Осыған орай, Еңбек министрлігі салалық мемлекеттік органдармен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, кәсіподақтармен, сарапшылық қоғамдастықпен бірлесіп, «Кәсіптік біліктіліктер туралы» заң жобасын әзірлеп, талқылауды жылдамдату жүктелді.

«Төртінші, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері қысқа мерзімде микроқаржылық ұйымдардың жарғылық капиталын толықтыруды қамтамасыз етсін. Бесінші, Еңбек министрлігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және әкімдіктермен бірлесіп, «Бастау бизнес» жобасын Кәсіпкерлік жөніндегі ұлттық жоба аясында іске асыруды жалғастыру қажет. Кәсіпкерлік жөніндегі жобалық офис аясында министр Серік Шапкеновтің жетекшілігімен жұмыспен қамту бойынша бағыт жасау қажет», - деді Асқар Мамин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.