{metadescription}
Шығыс Қазақстанда бір күнде 5 өрт шықты

Шығыс Қазақстанда бір күнде 5 өрт шықты

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қазанда сағат 15.56-да Семей қаласындағы Байсалықов көшесі бойында «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік өртенді.

Алдын ала мәлімет бойынша оттың шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатты пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болған. Көп ұзамай жалпы ауданы 2 шаршы метрді құраған жалын ауыздықталды.

«Сол күні Бородулиха ауданында құтқарушылар жер үйдің ауласында 24 шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндірді. Шатырды, жазғы ас үй еденінің ағаш құрылымдарын шарпыған тілсіз жау – отты абайсыз қолданудан шыққан», - делінген ақпаратта.

Тарбағатай ауданы Торайғыр көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында 28 тонна шөп жанған. Сондай-ақ Бородулиха ауданында 9 тонна шөп өртенді. Қызыл жалын 30 шаршы метр алаңдағы шаруашылық қора-жайға да жайылып кеткен.

«Семейдегі Көшімбаев көшесінде орналасқан 4 пәтерлі тұрғын үйде еден, жиһаз, жеке заттар, есік пен шатырды өрт шалды. Тілсіз жаудың жалпы ауданы 50 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.