{metadescription}
Білім министрлігі стипендия жайлы жаңалықты бөлісті

Білім министрлігі стипендия жайлы жаңалықты бөлісті

Президенттік стипендия мөлшері – 41 898 теңге, магистранттар үшін – 107 060 теңге көлемінде белгіленген.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қазақстан президентінің стипендиясын министрліктер мен Назарбаев университеті арасында 2021 жылға бөлу туралы бұйрықты жариялады. Жалпы алғанда 1 080 студент пен 8 магистрант президент стипендиясын ала алады.

Білім және ғылым министрлігіне – 914 (7 – магистратураға), мәдениет және спорт министрлігіне – 11, денсаулық сақтау министрлігіне – 89 (1 – магистратураға), ауыл шаруашылығы министрлігіне – 57, Назарбаев университетіне – 9 стипендия бөлінді.

"Қазақстан Республикасы президентінің стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 1993 жылдың 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ 2021 жылдың 24 маусымдағы №302 бұйрығымен 2021 жылға арналған стипендияны министрліктер арасында бөлу негізінде бұйырамын: қоса беріліп отырған президент стипендиясын 2021 жылға арналған жоғары оқу орындары бойынша бөлу бекітілсін", - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық мәтінінде.

Мәдениет және спорт министрлігінің экономика және қаржы департаменті тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде төленуін қамтамасыз етеді.

Білім министрлігі басшысының бұйрығын жария талқылау 2021 жылдың 9 қарашасына дейін өтеді.

Қазақстанда президент стипендиясын кімдер алады

Президенттік стипендия 3-курстан бастап бакалавриат бойынша және магистратураның екінші курсынан бастап оқитын студенттерге төленеді. Ақылы негіздегі студенттер де ала алады.

Президенттік стипендия мөлшері – 41 898 теңге, магистранттар үшін – 107 060 теңге.

Оны республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорт жарыстарының, фестивальдердің жеңімпаздары немесе жаңалық, өнертабыс авторлары; ғылыми жарияланымдары бар, соның ішінде халықаралық басылымдарда мақаласы жарияланған және ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысатын және осы салада маңызды жетістіктерге ие студенттер; ЖОО-ның қоғамдық, мәдени және спорт іс-шараларының белсенді қатысушылары ала алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.