{metadescription}
Із-түзсіз кеткен ағайындылардың біреуінің денесі табылды

Із-түзсіз кеткен ағайындылардың біреуінің денесі табылды

Полицияға олардың жоғалғанын Екібастұзда тұратын әпкесі хабарлаған. 

«19 қазан күні Ақсу қаласының полиция бөліміне Екібастұз тұрғыны келіп, екі ағасының із-түзсіз жоғалғаны туралы өтініш жазған», - деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, 5 қазан күнгі сағат 17:00 шамасында Ақжол ауылына жақын орналасқан шаруа қожалығының отарлығынан кеткен 1967 және 1985 жылғы ағайындылардан осы күні хабар жоқ. Ағайындыларды іздеу жұмыстарына полиция және шекара маңы аудандарының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.

Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«25 қазан кешінде отарлықтан 20 шақырым жердегі жазық далада 1967 жылғы ер адамның зорлау белгілері болмаған өлі денесі табылды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ер адамның өліміне дененің қатты тонуы себеп болған», - деп түйіндеді полициядан.

Полиция және Павлодар облысындағы еріктілер екінші ер адамды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.