{metadescription}
Қазақстанда Google іздеу жүйесіне салық енгізілмек

Қазақстанда Google іздеу жүйесіне салық енгізілмек

Цифрлық саудаға қатысты Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістер туралы белгілі болды. 

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда Google қосымшасына салық енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов айтты.

"2022 жылдың қаңтарынан бастап шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік беретін цифрлық салық енгізіледі. Оны тауарларды, қызметтерді электрондық сервистер, интернет-сайттар арқылы өткізу кезінде шетелдік компаниялар төлейтін болады. Бұл жаңа салық емес, бұл құн салығы аясында бірдей яғни6 12% көлемінде салық төлеуге міндеттеледі”, – дейді шенеунік. 

Сондай-ақ, Сүлейменов 2022 жылдың қаңтарынан бастап салық берешегінің шекті шегі 6 АЕК болып белгіленгенін айтты. Одан төмен шоттарға тыйым салу шаралары қолданылмайды. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.