{metadescription}
СҚО полицейлері жыл басынан іздеудегі 22 қылмыскерді ұстады

СҚО полицейлері жыл басынан іздеудегі 22 қылмыскерді ұстады

Қылмыскерлерді іздеу – криминалдық полиция жұмысы желісінің бірі.

Іздестіру бөлімі қызметкерлері басқа қызметтермен өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Кейде іздестіру жұмыстары көп уақытты қажет етеді. Мысалы, мамыр айында Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде тонау орын алды. Түнде белгісіз қылмыскер қалалықтың ұялы телефонын тартып алған. Жедел уәкілдер күдіктіні, облыстағы аудан орталықтарының бірінің тұрғынын анықтады.

Алайда ол тұрғылықты жері бойынша болмай шығады. Қолда бар ақпарат бойынша күдікті қалада жасырынған. Бағдар барлық сыртқы қызметтерге жіберілді. Оны көптің арасынан учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, бейнебақылау инспекторлары іздеді. Жедел уәкілдер іздеудегінің таныстарын, болуы ықтимал жерлерді, жалдамалы пәтерлерді тексерді. Күдікті маусым айында Н. Назарбаев пен Интернациональная көшелерінің қиылысында ұсталды.

"Жыл басынан барлығы 27 қылмыскер іздеуге жарияланды", – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Оның 11-і пробациялық бақылаудан жалтарғандар, 3-і есірткімен заңсыз айналысқандар, қалғандары – мүліктік қылмыс жасады деген күдіктілер. Бүгінгі күні іздеуге жарияланған қылмыскерлердің 22-сі ұсталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.