{metadescription}
«Сергек» бағаны елорда тұрғынының үстіне құлап кетті

«Сергек» бағаны елорда тұрғынының үстіне құлап кетті

Елорда тұрғыны әлеуметтік желіде «Сергек» бейнебақылау жүйесінің бағаны үстіне құлап, аяғын жарақаттағанын айтып шағымданды.

Бұл жайында қала тұрғыны Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жазды.

«Сығанақ көшесі, 11 мекенжайында, «Sunrise» тұрғын үй кешеніне тақау маңда сағат 13:20-да бағдаршамды күтіп тұрғанымда «Сергек» бағаны құлады. Абырой болғанда бір қадам артқа шегініп үлгердім. Әйтпесе басыма құлар еді. Кімге шағымдануға болады? Өлімге бір қадам ғана қалдым», - деп жазды елордалық әйел.

Сонымен қатар ол бағанадан зардап шеккен аяғының гипспен оралған суретін көрсетті және өзінің жұмыссыз қалғанын атап өтті. Бұл шағымға қалалық полиция департаменті жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Осы жылдың 23 қазанында Сығанақ көшесі бойында «Sunrise» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде жолдан өтпек болған 45 жастағы әйел «Сергек» камералары ілінген металл бағанның құлауы салдарынан аяғын жарақаттап алды. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады, тексеру жүріп жатыр», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.