{metadescription}
Ресей азаматы қазақ-орыс шекарасынан электрошокер алып өтпек болды

Ресей азаматы қазақ-орыс шекарасынан электрошокер алып өтпек болды

«Қосақ» өткізу пунктінде Ресейдің 46 жастағы тұрғынының жеңіл көлігінен электрошокер табылды.

«Павлодар облысы Успен ауданының полициясына шекара қызметкерлері «Қосақ» шекара бақылауы бөлімінде Ресей Федерациясының 46 жастағы тұрғынының «Хонда» көлігінен рұқсат қағаздары жоқ «Тандер к.222» маркалы электрошокер анықталғанын хабарлады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

«Иесі Қазақстанға электр қаруын кіргізуге рұқсат беретін құжаттарының жоқ екенін растады. Электр қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаған Ресей Федерациясы азаматына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, электрошокер алынған. Материал сотта қаралып, РФ 46 жастағы азаматына 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп атап өтті А.Семенченко.

2021 жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер қаруды заңсыз сатып алу, тапсыру, сату, сақтау, алып жүру және тасымалдаған 92 адамды жазаға тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.