{metadescription}
Жануардың өліміне әкелген қатыгездік үшін қандай жаза ескерілген

Жануардың өліміне әкелген қатыгездік үшін қандай жаза ескерілген

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде қандай жауапкершіліктер қарастырылғаны айтылды.

Атап айтқанда, жалпы отырыста «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасының негізгі ережелерін іске асыру үшін қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Түзетулер Қылмыстық кодексінің 316-бабына санкцияларды ұлғайту арқылы жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші бөлімде жануардың мертігуіне әкеп соққан қатыгездігі үшін 120 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл және 30 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Екінші бөлімде жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездігі үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл және 50 тәулікке дейін қамауға алу ескерілген», - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының үй жануарларын есепке алу, жансыздандыру тәртібін бекіту жөніндегі құзыреті кеңейтілді.

«Ветеринария туралы» Заңда жергілікті атқарушы органдардың жануарларды жансыздандыру тәртібін айқындау, аулауға және жансыздандыруға жататын жануарлардың тізбесін бекіту жөніндегі құзыреті кеңейтілді.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңда біркелкі ұғымдар белгіленген және бақылау-қадағалау функциялары мәселелері жөніндегі заңнама жетілдірілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.