{metadescription}
Түнгі екіге дейін жұмыс істейді - Павлодар облысында жаңа қаулығы қол қойылды

Түнгі екіге дейін жұмыс істейді - Павлодар облысында жаңа қаулығы қол қойылды

Қаулы 29 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. 12 қараша сағат 00:00-ге дейінгі мерзімде қолданыста болады. 

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулығы қол қойды. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, жұмыс күндері Ashyq жобасына қатысатын мына нысандардың жұмысына рұқсат берілді:

  • барлық типтегі қоғамдық тамақтану нысандары; сауда ойын-сауық орталықтары,
  • сауда үйлері, сауда желілері, азық-түліктік емес дүкендер,
  • сауна, СПА орталықтар,
  • театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар,
  • PlayStation клубтарды қоса алғанда бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке,
  • лотерея клубтары мен лотереяны өткізудің өзге де нысандары,
  • букмекерлік кеңселер.

Бұл нысандарға қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз "жасыл" мәртебе (вакцинация, сынамаларды алу кезінен бастап жеті тәулік аспаған теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе соңғы үш ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат.

Ashyq көшбасшылары 02:00-ге дейін жұмыс істей алады.

"Қаулы 29 қазан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 12 қараша сағат 00:00-ге дейінгі мерзіммен күшіне енеді", - делінген хабарламада.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.