{metadescription}
Шуда болған оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды

Шуда болған оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды

Жүргізілген тергеу барысында 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Тағы бір 34 жастағы ер адамды іздеу шаралары қабылданып жатыр. Жамбыл облысы Шу қаласында төбелес кезінде екі адам қайтыс болды, бір адам ауруханаға жатқызылды. Полицияның хабарлауынша, оқиға 23 қазанда шамамен сағат 21.00-де жеке үйде болған. Алкогольді ішімдікті бірге ішкен бес адамның арасында жанжал шығып, соңы топ болып төбелесуге жеткен.

Пышақ жарақатынан екі адам қайтыс болды, бір адам Шу қаласының ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген тергеу барысында 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тағы бір 34 жастағы ер адамды іздеу шаралары қабылданып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("екі немесе одан көп адамды өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.