{metadescription}
Таразда ер адам самокатпен жүрген бүлдіршінді аяусыз ұрып, тепкілеп кетті

Таразда ер адам самокатпен жүрген бүлдіршінді аяусыз ұрып, тепкілеп кетті

Таразда самокатпен кетіп бара жатқан бала соққыға жығылды.

Оған шабуыл жасаған азаматтың кім екенін полиция анықтап жатыр. Әлеуметтік желіде пайда болған видеодан белгісіз ер адамның көшеде самокат теуіп келе жатқан баланы соққыға жыққанын байқауға болады. Алған соққыдан бала ұшып түседі. Бірақ ер адам онысымен қоймай бүлдіршінді теуіп тастайды. 

Қала көшелерінің бірінде болған жантүршігерлік жағдайды полиция тексеріп жатыр. Әзірге баланың денсаулығына қандай зиян келгендігі туралы ақпарат жоқ. Оқиға туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті пікір білдірді. 

“Ағымдағы жылдың 20 қазанында Тараз қаласының полициясына Абай даңғылындағы "Инвиво" медициналық клиникасының жанында белгісіз азаматтың кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіргені туралы қала тұрғынынан арыз түсті. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді”, – делінген хабарламада. 

Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екендігі және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталған. Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан соң, күдікті сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.