{metadescription}
Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха қаласында 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып жүрген Ресей Федерациясының азаматшасы анықталды.

63 жастағы әйел 2013 жылы Саратов облысында РФ азаматтығын алған. Алайда Қазақстанға келгенде заңнаманы елемей, ҚР азаматының құжатын пайдаланып, зейнетақы алып келді. Қазіргі уақытта ол Қазақстан азаматтығынан айырылды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Қос азаматтықпен жүрудің негізгі себептерінің бірі – карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту және материалдық артықшылықтарға ие болу (зейнетақы, балаларды тууы кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік шарттары). Жыл басынан бері 800-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Оның ішіндегі негізгілері – Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағандар», - деді департамент бастығы Сағат Мәдиев. ⠀

Сонымен қатар қос азаматтығы бар 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін – 24, Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін – 61 адамға айыппұл салынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.