{metadescription}
Қазақстандық жауынгердің сүйегі елімізге жеткізілді

Қазақстандық жауынгердің сүйегі елімізге жеткізілді

26 қазан күні Ұлттық ұлан әскери әуе кемесі Украина астанасы – Киевтен Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгер Өксікбай Бозарбаевтың мәйітін туған жеріне алып келді.

Киевтен келген арнайы борт ҚР Қорғаныс министрлігі 19232 әскери бөліміне кешкі сағат 19.00-де келіп қонды. Қазақстандық сарбаздың құрметіне орай Құрмет қарауыл ротасы сап түзеп, әскери оркестр еліміздің әнұранын орындады. Қаһарманды қарсы алу салтанатына Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан сардарлары, “Атамның аманаты” қоғамдық бірлестігі және әскери бөлім басшылығы мен жеке құрамы қатысты.

“Атамның аманаты” қоғамдық бірлестігі әлемдік пандемияға қарамастан биыл тоғыз отандасымыздың сүйегін туған жеріне алып келуді ұйымдастырды. Украинадан Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық сарбаздың сүйегін алғаш рет жеткізіп отырмыз. Осы игілікті іске көмектескен “Плацдарм” іздеу тобына алғысымызды айтқымыз келеді. Олар сарбаздың сүйегін тауып, аты-жөнін анықтап, көп жұмыс атқарды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігіне, ұшақпен көмектескен Ұлттық ұлан басшылығына, жауынгердің сүйегін салтанатты түрде қарсы алуға атсалысқан Қорғаныс министрлігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұл жұмыс  ерлік туралы естеліктерді сақтауға, ұрпақ тәрбиесіне өте қажет деп білеміз, – деді “Атамның аманаты” қоғамдық бірлестігі басқармасының  төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Қазақстандық сарбаз Өксікбай Бозарбаев Түркістан облысы Алғабас ауылынан қан майданға аттанған. Сталинград шайқасында ерлік көрсетіп, бірнеше мәрте жарақат алып, бірқатар медальдармен марапатталған. Украина елінің Донецк өңірінде орын алған шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Бүгінде Алғабас ауылында Өксікбаевтан тараған немерелері тұрады.

Мұрат Жанатайұлының айтуынша, қазақстандық жауынгерді Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен туған ауылына жеткізу жоспарланған. Сарбазды ұрпақтары, Түркістан облыстық әкімдігі мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қарсы алып, туған жердің топырағына тапсырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.